Рустами Эмомали Тәжікстан Парламентінің жоғары палата спикері болып сайланды

None
None
ДУШАНБЕ. ХОВАР – ҚазАқпарат – Тәжікстанда Рустами Эмомали Парламенттің жоғары палатасының спикері болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тәжікстанның «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан Республикасы Оли Маджлисінің Милли Маджлиси заңына сәйкес, спикер қызметіне ұсынылған үміткердің аты-жөні жасырын дауыс беру бюллетеньдеріне жазылады. Милли Маджлиси мүшелері жасырын дауыс беру арқылы Оли Маджлисінің Милли Маджлиси төрағасы қызметіне Рустами Эмомалидің кандидатурасын қолдады.

Рустами Эмомали 1987 жылы 19 желтоқсанда туған. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Азизмо Асадуллоеваның тоғыз баласының (екі ұлының үлкені) бірі.

Тәжікстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі Жарлығымен Душанбе қаласының басшысы болып тағайындалған. 2020 жылғы 17 сәуірде Тәжікстан Республикасы алтыншы шақырылған Жоғары жиналысы Ұлттық кеңесінің бірінші сессиясында төраға болып сайланды.



Фото: fft.tj

Соңғы жаңалықтар