Руслан Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдардың назарын бірқатар аспектіге аударды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдардың назарын бірқатар аспектіге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет. Инвестициялық жобалар бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Индустрияландыру» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында жобаларды белсенді іске асыру керек», - деді министр.

Оның айтуынша, сонымен қатар бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында несиелендіру үшін шағын және орта бизнес жобаларын жедел іріктеу әрі қарастыру, санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтай отырып, бизнес қызметін қамтамасыз ету қажет.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлеріне баға мониторингін жүргізу және бағаның өсуін болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдау, экономиканы қолдауға бағытталған бюджет қаражатын тиімді игеру керек», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар