Румыниялық өрт сөндіруші жасанды тыныс беріп, итті құтқарып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Румыниялық өрт сөндіруші Костак Мугурел Питешти қаласындағы үйлердің біріндегі өртте газдан уланған итке алғашқы көмек көрсетті.

Жасанды тыныс беріп, жүрегіне массаж жасағаннн кейін газдан уланған ит тірі қалды. Егер өрт сөндіруші алғашқы көмек көрсетпесе, өлетіндігі анық еді.

Желі қолданушыларының ыстық ықыласына қарамастан, Мугурел өзін батыр санамайды: «Ілтипаттарыңызға рахмет, бірақ мен жай ғана өз міндетімді атқардым», - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасына. 

 

Соңғы жаңалықтар