Румыния астанасында «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылды

None
None
БУХАРЕСТ. ҚазАқпарт - Бүгін Румыния астанасының ең көрікті жерлерінің бірінде «Нұр-Сұлтан» саябағы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, іс-шараны Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі Қазақстан-Румын Іскерлік кеңесінің және Бухарест қаласы 1-сектор мэриясының қолдауымен өткізді.

Саябақтың ашылуы Елорда күніне және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына орайластырылған. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, Румынияның қоғамдық және іскерлік топтары, дипломатиялық корпус пен БАҚ өкілдері қатысты.

«Айтулы іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі мен Бухарест қаласы 1-секторының мэриясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум себепкер болды», - делінген ақпаратта.

Елші Нұрбах Рүстемов өзінің алғы сөзінде Елбасының қазақ еліне сіңірген еңбегі мен айрықша жеке қасиеттеріне ерекше назар аударып, ҚР Тұңғыш Президентінің арқасында еліміз халықаралық сахнада жоғары деңгейге қол жеткізгенін және қазіргі заманғы әлем тарихында лайықты орынға ие болғанын атап өтті.

«Баяндамашылар екіжақты қатынастардың дамуындағы оң динамиканы, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан» саябағының ашылуы достас екі халық арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырылатынын, Қазақстан-Румыния байланыстарын тереңдетудегі осындай мәдени өзекті оқиғалардың тарихи маңыздылығына назар аударды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 және 2007 жылдары Румынияға жасаған сапарлары Қазақстан-Румыния қатынастарына алғаш серпін берген болатын. Сол уақыттан бері Румыния Қазақстанға 1,7 млрд АҚШ доллар инвестициялады. Екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы бүгінде 1,8 млрд АҚШ долларына жетті», - делінген СІМ мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар