Рульде отырып Instagram-ға Stories түсірген әйел жауапкершілікке тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 шілде күні әлеуметтік желілерге мониторинг жасаған елордалық полицейлер жол қозғалысының ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел қалта телефонын пайдаланып өзінің Instagram-парақшасына Stories түсірген.

Тәртіп бұзған әйел ҚР ӘҚБ Кодексінің 593 және 591-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерге жол қозғалысының ережелері мен жылдамдық тәртібін қатаң сақтау керек екендігін ескертеді. Бұл жүргізушілердің өзімен қатар, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін маңызды.


Соңғы жаңалықтар