Рухани жаңғыру: Үздік идеялар жинағына Қарағанды облысының екі жобасы енді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты өңірлерде үздік жобалар жинағын қалыптастырды. Оған Қарағанды облысының екі жобасы – «Ұлттық қызмет» және «Қасым кітапханасы» кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қызмет» жобасы аясында қоғамдық іс-шаралар мен танымал адамдар өмірлік құндылықтарды қарастырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі туралы пікірлерімен бөліседі. Жобаның кейіпкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан,

академик Төрегелді Шарманов, айтыскер, ақын Жүрсін Ерман, академик Дихан Қамзабекұлы, актер Тілектес Мейрамов, бизнесмен және меценат Ерлан Әшім және т. б. болды.

«Қасым кітапханасы» жобасының мақсаты - қазақ авторларының балалар мен жасөспірімдерге арнап жазған туындыларын түгендеу, сондай-ақ шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аудару. Осы жоба аясында «Менің атым Қожа», «Алмаз тас», «Қар қызы», «Қорғау», «Қылау», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Қамбар батыр», «Ит жүрегі», « Әке», «Ергежейлілер еліне саяхат», «Арпалыс», «Жел ескегі», «Кішкентай шахзада», «Үш Ноян» сияқты кітап жарық көрді. Алдағы уақытта ж ыл сайын 52 туынды шығару жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар