+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Рухани жаңғыру: Түркістан облысында 6 мыңға тарта шара ұйымдастырылған

2020 жылғы 26 ақпан 09:36
Бөлісіңіз:
Рухани жаңғыру: Түркістан облысында 6 мыңға тарта шара ұйымдастырылған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында өткен жылы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында 5 872 іс-шара ұйымдастырылып, 376 мыңнан аса адам қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Шындалы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалымжан Шындалының айтуынша, өңірде «Туған жер» арнайы жобасы аясында 100 нысан қамтылған.

«Туған жер» жобасы аясында жүзеге асқан 100 нысанның арасында 11 мектеп, 8 балабақша, 7 мәдениет нысаны, 16 спорт алаңшасы, 4 медициналық мекеме және 54 өзге де нысан бар. Оның ішінде 66 нысан салынып, 34 нысан қайта жөндеуден өтті. Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсету бойынша облыста «Алтын ұям» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты - мектеп түлектерінің 10, 20, 30 жылдық мерейтойларында сән-салтанаттың орнына білім алған мектебіне, туған ауылына көмек көрсету болды. Сондай-ақ, түлектер тұрмысы төмен отбасыларға баспана, түрлі нысандар салып беруге үлес қосты», - деді Ғалымжан Ғабитұлы.

Бұдан өзге, «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы аясында облыстың танымал 20 табиғи және тарихи нысанына, сондай-ақ «Тарихи-өлкетану мұражайының» 100 экспонатына ақпараттық QR-тақтайшалар орнатылды. Облыс көлемінде 154 сакралды нысан анықталса, оның ішінде 100 нысанға туристік маршруттар тізіміне енгізілген.

«Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралардың жоспары дайындалып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен келісілді. Биылғы жылға арналған іс-шаралар жоспары Бағдарламаның негізгі басымдықтарын негізге ала отырып, 3 бағыттан тұрады. Олар тұлғаны дамыту, ұлттың дамуы, халықаралық позициялау, мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы», - деп мәлімдеді кеңсе жетекшісі.

Сонымен қатар, Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сараптамалық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды. Облыстағы 16 аудан, қалада өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңселері құрылып, қазіргі таңда барлық аудан, қалада жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT