+7 (701) 759 90 19
USD 414.94 EUR 504.03
RUB 5.59 CNY 64.22
Jańalyqtar

Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған

2021 жылғы 20 қаңтар 22:02
Бөлісіңіз:
Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының полицейлері карантин шараларын сақтамаған ойын клубын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Қиясов карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді БҚО ювеналдық соты карантинге жабылды Елордада рейд кезінде тәртіп бұзған екі мекеме анықталды

Рудный қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі мәлім еткендей, Иван Франко көшесінде орналасқан «LOTO клаб» ойын клубы карантин басталғалы үздіксіз жұмыс істеп тұрған.

Белгіленген қатаң карантин шараларын бұзған клуб жабылып қалуы да мүмкін.

Карантин кезінде компьютерлік және ойын клубтарының жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, мекеме өз қызметін жүзеге асырды.

«Полиция кіріп келген кезде ойын залында 10-нан астам адам болған. Тәртіп сақшылары жинаған материалдар ары қарай шешім қабылдау үшін Рудный қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында карантин кезінде қоғамдық тамақтану нысандарының, ойын және компьютер салондарының жұмысына сағат 20:00-ден кейін тыйым салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT