Рудный қаласының әкімі қызметінен босатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов өз еркімен жұмысын босатылды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Б.Т. Ғаязовтың өтінішіне Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов қол қойды. 29 қыркүйектен бастап ол қызметінен босатылды», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов.

Қазір қала басшысының міндетін бұған дейін орынбасар болған Е.Скаредина уақытша атқарады.


Соңғы жаңалықтар