Роскосмос басшысы Байқоңырдың болашағы туралы айтты

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласының әкімшілігінде «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин әкімшілік басшылары және қызметкерлермен, қаладағы кәсіпорындар және мекеме басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дмитрий Рогозин Ресей Федерациясы Президентінің грамотасын әкімшілік басшысының орынбасары Николай Адасевке табыстап, байқоңырлықтарға Роскосмостың перспектиалық ғарыш жобалары туралы айтты, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.

«Петропавлдағы саммиттен кейін «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз. Қазақстан Президентінің үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесінен кейін қазақстандық тарап үкіметті қайта құрып жатыр. Оны бекіткеннен кейін біз жаңа басшылар құрамымен тығыз жұмыс істейміз», - деді Д. Рогозин.null

«Роскосмосқа тоқталар болсақ, «Ертіс» зымыраны (бұрынғы «Союз-5») Қазақстанға да, Ресейге де қатысты болғандықтан, осындай атауға ие болды. 2022 жылы сынақ жүргізуді бастаймыз. Сәйкесінше, жаңа пилоттық кеме құрылып жатыр», - деді Роскосмос басшысы.

Байқоңырдың келешегі тура сөз қозғаған Роскосмос басшысы:

«Пилоттық бағдарламалар Байқоңырда жүзеге асады. «Союз» бен «Ертіс» жаға зымыраны Байқоңырдан ұшырылады. Сондықтан, «Байқоңырдың» болашағы зор және ол одан әрі қарай дами түседі. Өткен жылдың 11 қазанында Жерге апатты жағдайда оралған экипаж 14 наурыз күні қайта ұшады. Бұл - Алексей Овчинин мен Ник Хейг. Олармен бірге америкалық Кук ханым ұшады», - деп түйіндеді Роскосмос басшысы.

null

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар