Роман Скляр: Жыл сайын 6000 көпбалалы ана баспаналы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел алдында селекторлық режімде есеп беріп жатқан ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр көпбалаларды аналарды баспанамен қамту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан аумағында 31 мың көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы баспана кезегінде тұр.

«Елбасының бұл бағытта берген нақты тапсырмасы бар. Сол тапсырмаға сәйкес 7 жылда 42 000 арендалық пәтер салынбақ. Биылдан бастап жыл сайын 6 мың пәтер беріліп отырады. Сәуір айында заңнамаға өзгеріс енгіздік. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Бұдан бөлек «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ арқылы жеңілдетілген несиемен ипотека беру көзделген. Бюджеттен бұл мақсатқа да жыл сайын қаржы бөлінеді. Жергілікті әкімдік тізімі бойынша 10 пайыз алғашқы жарнамен 20 жылға 2 пайыздық ипотека беріледі. Осылайша, ары кетсе 6 жылдың ішінде барлық көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды түгелдей баспанамен қамтып бітіреміз», - деді Роман Скляр.

Министрдің айтуынша, аталмыш санаттағы жанұялар мемлекет ұсынған екі жолдың қайсысын таңдайтынын өздері шешпек.

«Көпбалалы отбасылардың табысы көбейіп кетсе, пәтерді мемлекет қайтарып ала ма» деген сияқты сауалдар көп қойылады. Бұл арендалық баспанада қалағандарыңызша тұруға болады. Тек басқа пәтер сатып алған жағдайда ғана мемлекетке қайтаруға міндетті боласыздар», - деді Роман Скляр.

Соңғы жаңалықтар