Роман Скляр Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу бекетіне барды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Роман Скляр және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданына барды. Мұнда вице–премьер «Құрманғазы» өткізу бекетінің жұмысын және республикалық маңызы бар «Ақтөбе ‒ Атырау ‒ РФ шекарасы» автожолы құрылысының барысын тексерді.

«Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату үшін ашылды. Тәулік сайын РФ шекарасы арқылы екі жаққа 4000-ға жуық адам мен 1 200 көлік өтеді.


Вице-премьер нысанды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.

Соңғы жаңалықтар