Роман Скляр Атырау облысында болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Роман Скляр өткізген кеңесте өңірдің өзекті мәселелері талқыға түсті. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов инфрақұрылым, экология, электр энергиясымен, сумен қамту, әлеуметтік мәселелер туралы баяндады. Кейбір проблемалық мәселелерді оң шешу үшін Үкіметтің қолдауы қажеттігіне тоқталды.

Премьер-Министрдің орынбасары Атырау облысындағы проблемаларды шешу үшін тиісті қолдау көрсетілетін жеткізді. Сондай-ақ, министрлердің орынбасарларына жергілікті органдармен бірлесе проблемалық мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар