Ролан Гаррос турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Франция астанасы Парижде Ролан Гаррос турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Франция ашық чемпионатында Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен ойнайды.

Әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кездеседі.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик рейтингте 65-сатыдағы франциялық Артур Риндеркнехпен кортқа шығады.

Жұптық сынның жеребесі кейін белгілі болады.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Ролан Гарростың негізгі додасы 22 мамырда басталып, 5 маусымда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің алғаш рет челленджер турнирінің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар