Рим Олимпиадасының чемпионы өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық орта салмақтағы боксшы, 1950 жылы АҚШ құрамасында өнер көрсеткен Уилберт Макклюр 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды vringe.com.

Ол 1960 жылы Римде өткен Жазғы Олимпиадалық ойындардың чемпионы атанды, ал оған дейін 1959 жылғы Панамерикалық ойындарда алтын олжалаған еді.

Рим Олимпиадасында Макклюр жартылай финалда совет боксшысы Борис Лагутинді, сондай-ақ алтынға таласқан италиялық Кармело Боссиді сүріндірді. Бір қызығы, олимпиадалық қалашықта оның көршісі Кассиус Клэй болған.
Макклюр туған жері Огайо штатындағы Толидо қаласында университет бітіріп, әдебиет және философия саласында ғылыми дәреже алды. Соңынан Уэйн Университетінде ғылым докторы болды.
Ал спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін Бостондағы Солтүстік Шығыс университетінде профессор және өз фирмасын ашып, психотерапевт болып жұмыс істеді.



Соңғы жаңалықтар