+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты

2019 жылғы 15 қаңтар 18:20
Бөлісіңіз:
Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддер қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Көшбасшы болғың келсе, менен сұра» атты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясының бір тармағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын қамтиды. Сол кіші бағдарлама аясында Риддер қаласында «Отаным - тағдырым» - «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» атты жоба желкенін керді.null

Жергілікті №1 мектепте өткен шараға әкімдік өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының қызметкерлері қатысып, жастарға көшбасшылықтың қыр-сырын ұқтырды.

30-ға жуық жігерлі жастың басын қосқан шарада үш түрлі шеберлік сағаты ұйымдастырылды. «Шешендік негіздері», «Топтық жұмыс», «Креативті ойлау» тақырыбында өткен семинарда көшбасшылыққа ынталы жастар өз бойларында бұғып жатқан игі қасиеттерді оятып, дамытудың тәсілдерін меңгерді. «Сатылым уақыты» деген атпен өткен іскерлік ойыны сауданы сауатты жүргізуге баулыса, «Өз ойым бар» пікірталас клубы тың ойлардың түр-түрін туғызды. null null

«Қала жастары үшін бұл шараның маңызы зор. Тұтас ұлттың бәсекеге қабілетті болуы әрқайсымыздың адами қасиеттерімізге тікелей байланысты. Сондықтан, өркениетті қоғам құруға қауқарлы ұлт қалыптастыру үшін жас буынды қырандай баптап, балапандай баулуымыз қажет. Бүгінгі жастың бойында кәсіби көшбасшылық пен жеке адами қасиеттер үйлесім таба білуі шарт. Өткізген шарамыз сол үйлесімге жол ашатын жаттығулар мен ойындарға толы болды» - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Дүкенбаева. null

Шара соңында белсенділік танытқан қатысушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT