РФ президентін ұлықтау рәсімі: Путин Ресей халқына ант берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Путин Үлкен Кремль сарайындағы Андреев залында мемлекет басшысы қызметіне төртінші рет сайлана отырып, Ресей халқына ант берді, деп жазады ТАСС.

Путин РФ Конституциясына оң қолын қоя отырып, президенттік анттың мәтінін оқыды: «Ресей Федерациясы президентінің өкілдігін жүзеге асыру кезінде адам және азамат құқығы мен бостандығын құрметтеуге және күзетуге, Ресей Федерациясы Конституциясын сақтауға және қорғауға, егемендік пен тәуелсіздікті, мемлекеттің қауіпсіздігі мен  тұтастығын қорғауға, халыққа адал қызмет етуге ант етемін».

nullОсылайша, Владимир Путин Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Оны Конституциялық соттың төрағасы Валерий Зорькин жариялады.

Бұл Путиннің мемлекет басшысы лауазымындағы төртінші мерзімі. Оның алғашқы екі мерзімі төрт жылдан жалғасты. Ресей Конституциясына өзгеріс енгізілгеннен кейін, мемлекет басшысы лауазымы алты жылға созылған болатын. Оның өкілдігінің жаңа мерзімі 2024 жылы 7 мамырда аяқталады.

Путиннің ант қабылдаған Конституцияның данасы 1996 жылы Ресей президенті қызметіне алғаш рет кіріскенде арнайы жасалған және ол барлық мемлекет басшыларының ұлықтау рәсімінде қолданылып келеді.

Ресей президентінің анты бәрін қосқанда, 33 сөзден тұрады. Мемлекет басшысы антының сөзі оның мәртебесі сияқты РФ Конституциясының төртінші бөлімінде белгіленген.

Фото: Дмитрий Астахов/ТАСС

Соңғы жаңалықтар