РФ Орынбор облысындағы жарылысқа байланысты газ беру тоқтатылды – Энергетика министрлігі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – 23 ақпан күні Ресей Федерациясындағы «Союз» магистральдық газ құбырының 108 шақырымында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін «Союз» және «Орынбор-Новопсков» магистральдық газ құбырлары арқылы газ беру тоқтатылды.

Тиісінше Орынбор газ өңдеу зауытынан Ресей газының транзиті және Қарашығанақ газын жеткізу тоқтатылды.

«Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларын газбен жабдықтау үшін «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырынан ресурстарды қайта бағыттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесінің барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Аталған жағдай ҚР Энергетика министрлігінің бақылауында», деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар