РФ Денсаулық сақтау министрі Ресейдегі COVID-19-ға қатысты түсінік берді

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі, індет жұқтырған 300 мыңнан астам науқас дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Коронавирус бойынша жағдай күрделі. Қазіргі кезде бақылауда 300 мыңнан астам науқас тұр», - деді ол.

Осы орайда министр мамырдағы мереке күндері инфекцияның таралуын тежеу үшін ұзартылғанын айтты.

Коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметінше, пандемия басталғалы Ресейде індет жұқтырудың 4 823 255 оқиғасы тіркеліп, 4 443 922 адам аурудан сауығып шықты, ал 110 862 адам көз жұмды. РФ Үкіметі елдегі жағдай жайында ақпстопкоронавирус.рф ресурсын іске қосты.


Соңғы жаңалықтар