РФ-дан жеткізілген көліктер мәселесі: Әрбір өңірде Call-орталықтар ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірінде шетелде тіркелген автомобильдерге қатысты сұрақтар бойынша call-орталықтар ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу, сондай-ақ ІІМ есептік деректерінен өз көліктерінің Ресей Федерациясында тіркелгенін тексеру әдістері туралы сұрақтардың өзектілігіне орай, азаматтардың ыңғайы үшін байланыс телефондары құрылды. Ол телефон нөмірлеріне жүргізушілер қызықтырған сауалдар бойынша жүгіне алады.

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

«Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ҚР ІІМ сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты», – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.


Еске салайық, бұған дейін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов елімізде ресейлік көліктерді қалай тіркеуге болатынын түсіндірді. ҚР заңында шетелдік автомобильді тіркеуде ешқандай жеңілдік қарастырылмаған.

С.Түсіповтің айтуынша, Ресейден заңсыз көлік әкеліп, бірақ елде тіркемеген 100-ден астам қазақстандыққа іздеу салынды.

Сондай-ақ оның мәліметінше, елімізде оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын көліктерді тіркеуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ «ресейлік нөмірлі көлік жүргізушілерін жол ережесін бұзбаған жағдайда тоқтатпайды» деп тараған ақпаратқа түсінік берді.


Соңғы жаңалықтар