Режиссер Талғат Жәнібеков ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі режиссер Талғат Жәнібековті ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі адвокат Серік Айтбаевқа сілтеме жасап.

Адвокат хабарлағандай, тергеу нұсқалары бойынша «Феникс» фильмінің режиссері еңбекақысын заңсыз алып, бюджеттік қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.

«Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат берді, екі ай бойы ол күдікті ретінде саналды. Ол жұмыс жасап, жалақы алған. Яғни, бұл ақшаны жымқыру емес. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бүгін Талғатты ұстады. Тергеу қызметіне шағым білдіруіміз үшін үш күн уақытымыз бар.  Соттың санкциясына шағым түсіреміз», - дейді адвокат.

Еске сала кетейік, 12 шілде күні қазақстандық режиссер Т.Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын бопсалаушылық жасады деп жұрт алдында айыптады. Осындай мәлімдемеден кейін, министр ар-намысын қорғау мақсатында адвокат жалдап, режиссерді сотқа берді. Сот режиссерді айыпты деп танып, 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуді белгіледі. 

Соңғы жаңалықтар