+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Режиссер Әділхан Ержановтың фильмдері Шанхайдағы кинофестивальде көрсетілмек

2021 жылғы 14 маусым 12:58
Бөлісіңіз:
Режиссер Әділхан Ержановтың фильмдері Шанхайдағы кинофестивальде көрсетілмек

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Режиссер Әділхан Ержановтың «Ұлболсын» және «Сары мысық» деген екі көркем фильмі Шанхайда өтетін халықаралық кинофестивальде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Франция коронавирусқа қарсы күрес шараларын күшейтті Италия премьер-министрі вакцинаға қарсы адамдарға сын айтты Олимпиадалық команда спортшыларын қолдауға арналған бейнебаянның тұсаукесері өтті

Қытайдағы «А» санатындағы жалғыз кинематографиялық шара кезекті, 24-ші Шанхай халықаралық кинофестивалі (SIFF) қытайлық мегаполисте 11-20 маусым аралығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алтын кубокты» табыстау салтанаты (Golden Goblet Awards) 19 маусымда өтпек. «Алтын кубок» негізгі байқау бағдарламасы толық және қысқа метражды фильмдерді, анимациялық кино мен документалды жұмыстарды қамтиды.

Өткен жылы фестивальге 180 ел мен өңірден 3 693 фильм тіркелген. COVID-19 пандемиясына байланысты өткен жылғы Шанхайдағы кинофестивальдің бағдарламасы қысқартылып, байқау бағдарламасындағы марапаттар табысталмады.

Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бастап өткізіледі.



Авторы: Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT