Ревакцинация кезінде QazVac салдырамын – Ажар Ғиният

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ревакцинация кезінде QazVac салдыратындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай қазан айында коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен ауырдым. Енді ревакцинацияны 3 айдан соң аламын. Дәрігерлер маған солай кеңес берді. Бастапқыда Спутник вакцинасын алғаннан кейін келесі ревакцинация кезінде инактивтелген вакцинаны алуды жөн көріп отырмын. Дәрігерлердің де кеңесін тыңдаймын», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің нақтылау сауалы барысында ревакцинация кезінде нақты қандай вацина салдыратындығын айтты.

«QazVac аламын», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар