Республикалық маңыздағы бірқатар жолда көлік қозғалысы жанданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі республикалық маңыздағы бірқатар жолда көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облсында сағат 12:00-ден «Нұр-Сұлтан-Петропавл» жолының 18-231 шақырымындағы елорда мен Щучинск арылығында қозғалыс ашылды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында.

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі кенті мен Түркістан облысының шекарасы аралығында көлік қозғалысы жанданды.

Тараз-Шымкент аралығында автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Түркістан облысында таңертең «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-654 шақырымындағы Жамбыл облысы шекарасы мен Машат ауылы учаскесі ашылды.

Қызылорда облысы аумағындағы «Самара-Шымкент» жолының 1912-2057 шақырымындағы Бәйгеқұм мен Түркістан облысы шекарасы, сондай-ақ аталған автожолдың Түркістан облысы аумағындағы 2057-2175 шақырымы арасында қозғалыс жанданды.


Соңғы жаңалықтар