Ресейлік көлік: Ақтөбедегі сall-орталыққа 300-ден астам қоңырау түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Ресейден әкелінген көлікке қойылатын талаптарды түсіндіретін сall-орталық жұмыс істеп тұр. Мұнда мамандар 300-ден астам қоңырау қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің Сall-орталығы жұмысын 10-қараша күні бастады. Алғашқы күні шетелдік көліктерді пайдалану мәселелері бойынша 180 қоңырау келіп түсті.

Азаматтар call-орталығына хабарласып, Ресей Федерациясынан әкелінген автомобильдерді пайдалану және тіркеу бойынша сұрақтарын қойып, кеңес ала алады.

«Сіз 8 (7132)936 132 және 936-170 телефонына қоңырау шалып, Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы сұрағыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің базасынан көлігіңіздің Ресей Федерациясында есепте тұрған-тұрмағанын біле аласыз. Азаматтарға ыңғайлы және ақпаратты жедел ұсыну үшін Сall-орталықтардың телефондары 10-қараша күні сағат 9:00 – ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД ӘПБ бастығы Вячеслав Бикмуханов.

Жүргізушілер негізінен Ресей Федерациясындағы автокөлікті есептен қалай шығаруға және Қазақстанда құжаттарды қалай ресімдеуге болатыны туралы сұрады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркеуден шығарылған автокөлік туралы кеңес алды.

Полиция көршілес елдердің автокөліктерінің арасында сот үкімімен шектелген немесе есептен шығарылған көліктер көп екенін ескертеді.

Мұндай автокөліктерді тіркеуден кейін ғана пайдалануға болады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, көршілес елдерден шетелдік көліктер ұрлануы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар