Ресейлік елорда әуежайынан еліне депортацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Елорда әуежайына ПТР анықтамасыз ұшып келген ресейлік азамат еліне депортацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, 21 қазан күні түнде елімізге 11 рейспен 871 жолаушы ұшып келген. Оларды 679-ында ПТР анықтама болса, 192-і жолаушыда анықтама болмай шықты.

Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 513 жолаушының 355-інде анықтама болса, 158-інде анықтама болмады. Алматыға 4 рейспен 276 жолаушы келді. Оның 242-сі анықтамамен, 34-і анықтамасыз жеткен. Ал Ақтауға 1 рейспен жеткен 82 жолаушының барлығының анықтамасы бар.

Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР сараптама тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік стационарға жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар