Ресейлік дәрігерлер Шымкентте коронавирусқа қарсы күрес бойынша көмек көрсетеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді. Көрші елдің мамандары қалада коронавирус инфекциясымен күрес бойынша тәжірибе алмасып, консультациялық-әдістемелік көмек көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар бар. Олар 4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітіледі.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа әдістерін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында біліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы орайда сіздерді Шымкент қаласында көріп отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, бүгінде қалада короновируспен күреске 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар