Ресейге салынған санкциялар сырттан келетін тауардың тасымалына әсер етіп жатыр ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға сырттан келетін тауардың тасымалына қала әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, ешкім сырттан өнім әкелуді тоқтатқалы жатқан ешкім жоқ. Кепілдік беремін. Қайткен күнде де Қазақстан ешқандай санкцияға ілінген жоқ. Әрине, қандай да бір логистикалық проблемалар бар. Біз ондайға пандемия кезінен бері үйренетін де болдық. Логистика ағыны өзгеруі әбден мүмкін. Қазір бірінші кезекте осы жүйе түзіліп жатыр. Төлем мәселесі де бар. Өйткені Ресейге салынған санкциялардың төлем жүйесіне де қатысы бар. Бұл жерде түсініксіз шатасулар болуы мүмкін. Бірақ төлем жүйелері бойынша Қазақстанда мәселе жоқ. Сондықтан не үшін алаңдау керектігін түсініп тұрған жоқпын», - деді ол Мәжілісте өткен дөңгелек үстелден кейін.

Агенттік басшысы санкция қысымы ұзаққа созылса, Ресейдің өзінен алатын кейбір тауарлар арзандауы мүмкін екенін айтады.

«Біз Ресеймен одақтас елміз. Арамызда кеден шекарасы жоқ. Оның үстіне санкция қсымы осы күйінде сақталса, Ресейден келетін кейбір тауарлар арзандауы мүмкін. Сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 40%-дай. Оның жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Жаман болатыны, санкциялар күшейіп жатыр. Сонда да сырттан жеткізілетін тауардың азаюын күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін айтқанымдай. Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың жартысы бойынша біз импортқа тәуелдіміз. Ал олардың бағасы валюта бағамына байланысты ғана қымбаттап отыр. Бірақ бұл табиғи құбылыс. Ал импортты алмастыру салалық министрліктердің құызырындағы шаруа», - деді Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар