+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ресейдің Түмен облысындағы «Жас ұрпақ» қазақ балалар шығармашылығының байқауы өтті

2019 жылғы 24 желтоқсан 00:48
Бөлісіңіз:
Ресейдің Түмен облысындағы «Жас ұрпақ» қазақ балалар шығармашылығының байқауы өтті

ТҮМЕН. ҚазАқпарат – Ресейдің Түмен қаласындағы өнер колледжінде «Жас ұрпақ»қазақ балалар шығармашылығының бірінші облыстық фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РФ-дағы Қазақстан елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл Түмен облысының оқушылары үшін өңірде тұратын халықтардың өзара іс-қимылын нығайтуға, қазақ мәдениеті мен тілін сақтауға және дамытуға бағытталған этномәдени жоба. Ол қазақтардың аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының бастамасымен ұйымдастырылып, 17-21 желтоқсанда Түмен облысында өткен қазақ мәдениеті күндерінің басты оқиғасы болды.

Фестиваль финалында Қазан, Абат, Исет, Есіл, Омутин, Түмен, Упоров, Голышман және Заводоуковка қалалық округтерінен, Есіл және Түменнен 38 қатысушы және шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Фестиваль-байқаудың құрметті қонақтары: Түмен облысының ұлттар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Владислав Чернов, Түмен облысының Ұлттық қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Евгений Воробьев, Түмен облыстық думасының депутаттары Владимир Столяров және Дмитрий Новицкий, Түмен қаласындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы Владислав Квасов, солтүстік Оралдағы Мемлекеттік Аграрлық университетінің ректоры Елена Бойко болды.

«Жаңа фестиваль бастауының болашағы зор, өйткені адамның негізгі дүниетанымдық белгілері балалық шақта қаланады,және бүгінгі күні өскелең ұрпаққа қандай құндылықтар салатындығымызға Түмен облысындағы қазақ мәдениетінің болашағы байланысты», делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар, Ресей, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT