Ресейдің Мурманск қаласы маңындағы зымыран зауытының қоймасында жарылыс болды

None
None
МУРМАНСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Мурманск қаласы маңындағы зымыранды-артиллериялық зауытының дәрі-дәрмектер қоймасында жарылыс болып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, оқиға Росляков шағынауданында болған. Ол қоймада түрлі калибрлі снарядтардың бар екенін жеткізді. Жарылыстан кейін өрт болған жоқ.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жарақат алғандардың екеуінің жағдайы ауыр, үшеуінің жағдайы орташа»,-деп хабарлады жедел қызмет өкілдері.

Жарылыстың алдын ала себептерінің бірі оқ-дәрілерді қолдану тәртібінің бұзылуы болып отыр.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері жарақат алғандардың госпитальға жеткізілгендігін хабарлады. Қазір олардың өміріне өніп тұрған қауіп жоқ. Солтүстік Флот өкілдері төтенше жағдайдан соң тексеру жұмыстарына кірісті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың техникалық аумағында жүкті тиеу және тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына байланысты артилериялық дәрі-дәрмектер жарылып, 5 адам жарақат алды»,-деп хабарлады Флоттың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар