Ресейдің Астрахан облысындағы Құрманғазы орталығы маңызды туристік нысанға айналды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Астрахан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Володарск ауданы, Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталыққа барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Е. Көшербаев жергілікті қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Отандастарды толғандыратын, ең алдымен, қазақ тілін үйренуге қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Астрахандағы ҚР Бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаев өңірдің мәдениет және туризм министрі Ольга Прокофьеваға қазақ тілі сыныптары бар екі мектепте онлайн оқыту үшін «Отандастар» қорының қолдауымен сатып алынған компьютерлік техниканы тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық 2005 жылы қазақтың ұлы күйшісі, домбырашы-композитор Құрманғазы кесенесінің жанында ашылған болатын. Осы уақыт ішінде кешен жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қажы және туристер келетін аймақтың маңызды туристік орнына айналды.

Авторы: Нарымбек Исмағұлов


Соңғы жаңалықтар