Ресейдің 3 қаласында Абайға арналған көрме өтеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абайдың 175 жылдығы аясында Ресейдің Новосібір, Омбы, Барнаул қалаларында ақынға арналған көрме өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақтөбе қалаларында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме өткізілген. Бұл жайлы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір мәлім етті.

«Алдағы уақытта Алматы, Атырау, Қызылорда, Талдықорған және тағы басқа бірнеше шаһарда, сонымен бірге Ресейдің Новосібір, Омбы, Барнаул қалаларында музей қорынан көрме ұйымдастырылатын болады. Семей қаласында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Абайдың таңдамалы шығармаларының 4 тілдегі жинағы (қазақ, орыс, қытай, ағылшын), музей туралы альбом-кітап, буклеттер дайындалмақ», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Абай музейі экспозициясын жаңғыртуға 250 млн теңге бөлінетіндігі хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар