Ресейдегі сайлау учаскесінде Қазақстан Әнұраны орындалып, ашылды
Сайлау комиссиясының мүшелері барлық қажетті жағдайлардың, оның ішінде санитарлық талаптардың қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, учаскенің дауыс беруге дайындығын көрсетті. Дауыс беру Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Дауыс беруге бірінші рет қатысқан жастар өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады.
Учаске төрағасы Еркін Тұқымов хабарлағандай, Ресейдегі Қазақстан азаматтары мәскеулік учаскеден басқа Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбыдағы ҚР бас консулдықтарының жанынан құрылған 4 учаскеде дауыс бере алады.
Ресей Федерациясындағы учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлау учаскесі жұмысының басты мәселелерінің бірі коронавирусқа қарсы шаралар болды.
Авторы Нарымбек Исмағұлов