+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты

2019 жылғы 8 желтоқсан 14:53
Бөлісіңіз:
Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты

НИЖНИЙ НОВГОРОД. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Нижний Новгород қаласында автокөліктің жаяу жүргіншілерді қағып кетуі салдарынан бір адам қайтыс болып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды Коронавирус: Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды Ақмола облысында жол бойында тұрған көлікті жүк көлігі соғып, бір адам мерт болды

«Аймақтық Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан 12 адам зардап шеккен, олардың 9-ы – жасөспірім балалар. Барлық кәмелетке толмаған оқушылар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ересектердің біреуі жеңіл жарақат алса, екіншісі шамамен орташа ауыр деңгейдегі жарақат алған. Тағы бір ересек қайтыс болды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Балаларды ертіп жүрген әйел қайтыс болған.

Алдын ала ақапарт бойынша, балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, облыстық балалар ауруханасы олардың барлығына қажетті көмек көрсету үшін өз жұмысын күшейтті.

Зардап шеккендер - 9-сыныптың тоғыз оқушысы.

«Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Екеуі ауыр халде», - деп атап өтті агенттік өкілі.

Ресейдің Нижегород облысы бойынша Тергеу комитетінің Тергеу басқармасы ірі жол апатын жасаған күдіктіні ұстағаны туралы хабарлады.

«Нижегород облысы бойынша Ресейдің Тергеу комитетінің ерекше маңызды істерді тергеу жөніндегі бірінші бөлімінің тергеушісі бір әйелді өлтіріп, тоғыз оқушыны жарақаттаған жол-көлік оқиғасы туралы қылмыстық істі тергеу кезінде РФ ҚІЖК 91-92-баптары негізінде 43 жастағы күдікті азамат ұсталды», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT