Ресейде Совет одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтің қалпына келтірілген ескерткіші ашылды

None
None
ЛЕНИНГРАД. ҚазАқпарат - Ленинград облысының Кировск қаласында қазақ халқының даңқты ұлы, Совет одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдегі Қазақстанның елшілігіне сілтеме жасап.

Оның атымен аталатын жергілікті гимназия ғимаратының жанындағы ескерткіш 2001 жылы орнатылған еді, алайда содан бері қалпына келтіруді қажет етті. Көршілес аумақты абаттандырумен қалпына келтіру жұмысы биыл Санкт-Петербургтегі және Ленинград облысының «Атамекен» қазақ ұлттық мәдени қоғамының қатысуымен және Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының көмегімен жүзеге асырылды. Ескерткішті қалпына келтіру үшін Қостанай облысының әкімдігінің қолдауымен 1 млн рубль көлемінде қаржы бөлінді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев ескерткіштің ашылуын Сұлтан Баймағамбетовтің 100 жылдығы мен Жеңістің 75 жылдығының символы деп атады. Ол Ленинград облысының және Киров ауданының басшылығына, гимназия мұғалімдері мен оқушыларына жерлесінің естелігін сақтауға мұқият қарағандары үшін ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл екі елдің халықтары арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік үшін негіз болатын дәнекер болып табылатын ортақ мұрағат.

Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко Сұлтан Баймағамбетовтің ерлігі Ленинград үшін болған шайқас 1941 жылдың маусым айынан 1944 жылдың тамызына дейін болған соғыстың ең қиын және ұзақ болғанын айтты. «Мұнда соғысқан және қаза тапқан сарбаздар өздерін ұлтқа бөлген жоқ, олардың бәрі туған жеріне қарамастан ортақ Отанын қорғады», – деді Александр Дрозденко.

Совет одағының батыры Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов 1920 жылы қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап соғысқа қатысты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты ұлкен жермен байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы СССР Жоғары кеңесі президиумының шешімімен Баймағамбетовке Совет одағының батыры атағы берілді. Ол Ленинград облысы, Синявино ауылындағы соғыс мемориалындағы көпшілік қабірге жерленген.

Жұмыс сапары барысында Ермек Көшербаев «Петербург трактор зауыты» АҚ-да болды. Кәсіпорын директоры Сергей Серебряковпен кездесу барысында тараптар Қостанай трактор зауыты базасында энергия өндіруге бай «Кировец» тракторларын құрастыру туралы келісімді жүзеге асыру және қазақстандық тракторлардың өндірісін оқшаулаудың әрмен қарай орын алатын сатыларымен және көршілес елдерге экспорттауды т


Соңғы жаңалықтар