Ресейде шахтадағы жарылыстан өлгендердің саны 11-ге жетті

Фото: None
КЕМЕРОВО. ТАСС-ҚазАқпарат – Құтқарушылар Кузбасс қаласындағы шахтадан тағы бір кеншінің мәйітін анықтады. Осылайша, ондағы жарылыстан қаза болғандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилевтің Telegram-дағы ресми арнасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаңа ғана қаза тапқан тағы бір адам туралы белгілі болды. Өлгендер саны 11 адамға жетіп отыр», - делінген хабарламада.

Кузбасс үкіметінің ресми сайтынан хабарланғандай, шахтадан барлығы 46 адам, соның ішінде қаза болған 11 адам шыға алмаған, құтқару операциясы жалғасып жатыр. Ауруханаларда өндірістік апаттан зардап шеккен 43 адам жатыр, олардың төртеуінің жағдайы өте ауыр, 39 адам жеңіл және орташа ауыр халде.

Шұғыл қызметтердегі дереккөз мәліметінше, барлығы 46 кенші зардап шеккен.

РФ Бас прокуратурасының сайтында қадағалаушы ведомствоның шахтадағы төтенше оқиғаны бақылауға алғаны хабарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар