Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны үш күн қатарынан көтерілуде

Фото: None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 1 254, кеше 1 251 адамға, жалпы 261 589-ға жетті, деп хабарлады жұма күні журналистерге жаңа ауруға қарсы күрес жөніндегі федералдық жедел штабтан.

Қазіргі уақытта КВИ-ден көз жұмғандар саны 2,83%-ға артқан, делінген штабтың дерегінде. Атап айтқанда, Мәскеуде осы аурудан бір тәулікте 95 адам қайтыс болса, Санкт-Петербургте - 77, Краснодар өлкесінде - 69, Мәскеу облысында - 58, Перм мен Ставропольск өлкесінде - сәйкесінш 43 және 42, Нижегород облысында - 41.

Коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 37 156 адамға (0,4%) көбейіп, 9 257 068-ге жетті. Атап айтқанда, 2 714 жағдай Санкт-Петербургте, 1 777 - Мәскеу облысында, 1 764 - Самара облысында, 903 – Краснодар өлкесінде, 884 – Қырым Республикасында тіркелді.

Қазіргі уақытта ем қабылдап жатқан науқастар саны 1 039 225 адамға қысқарған. Коронавирустан жазылған ресейліктер саны бір тәулікте 37 004 адамға артып, 7 956 254 болды. Бұл пандемиядағы ең жоғары көрсеткіш, делінген штаб дерегінде.


Соңғы жаңалықтар