Ресейде қажылыққа бара жатқан автобус аударылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Твер облысында қажылыққа бара жатқан адамдары бар экскурсиялық автобус аударылып, соның салдарынан екі жолаушы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Автобус қажылыққа адамдарды алып бара жатқан, онда 40-қа жуық адам болған. Екі жолаушы қаза тауып, 11 адам ауруханада жатыр. РФ ТЖМ Орталық өңірлік орталығының дерегі бойынша, қалғандары уақытша орналастыру бекеттеріне жеткізілген.

Таяу уақытта қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі.

Соңғы жаңалықтар