Ресейде іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысынан табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданы аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген 43 жастағы қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ресей азаматына іздеу жарияланған.

«Ұсталған азамат 2018 жылы есірткі заттарын ерекше мөлшерде заңсыз сатқаны үшін сотталғаны белгілі, алайда сотталушы қашып кеткен. Осыған байланысты іздеу жарияланды.Ол үш жылдан кейін Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдарының бірінен табылды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Ресейге экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.


Соңғы жаңалықтар