Ресейде ғимаратқа соғылған шағын автобуста бір адам қаза тапты, 10 адам зардап шекті

None
None
ПЕРМЬ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің Пермь қаласында бағдарлық шағын автобус көшедегі ғимаратқа соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бастапқы мәлімет бойынша, Пермь қаласының Новогайвинский көшесінде №53 бағдардың автобусы ғимаратқа соғылды», - деп хабарлады өңірлік ІІМ баспасөз қызметі.

Жол апатынан бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. Қазіргі уақытта сол жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Өңірлік денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, зардап шеккен 10 адамның бесеуі бала. Олардың жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Соңғы жаңалықтар