Ресейде бір тәулікте 12 мың адамнан коронавирус анықталды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте 12126 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның ресми жаңалықтары телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде 9 қазанда 12126 адамнан коронавирус анықталған. Бұл елде эпидемия басталғаннан кезеңдегі ең жоғар,ы көрсеткіш. Елде COVID-19 жұқтырған пациенттерге арналған бос төсек-орындар саны күн санап қысқарып жатыр.

Ресейдің Денсаулық министрлігі тұрғындарды демалыс күндері үйде болып, сақтық шараларын сақтауға шақыруда.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде коронавирус жұқтырған науқастарға арналған төсек-орындардың 90%-ы бос емес екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар