Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Инфекциямен күрес федералды жедел штабының дерегі бойынша, Ресейде шілде айынан бері алғаш рет бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Штаб мәліметінше, 14-20 қыркүйек аралығында 40 588 адам инфекцияға шалдыққан. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 37 306 болатын. 20-26 шілде аралығында вирус жұқтыру оқиғалары ең жоғары көрсеткішке жетіп, 40 939 адамды құрады.

Инфекцияға шалдыққандардың өсімі жылдамдады. Апта қорытындысы бойынша 3,6%-дан 3,8%-ға дейін және тәулігіне орташа есеппен 0,51%-дан 0,54%-ға дейін өсті.

Жазылып шыққандар саны қысқарып, 33 132-ні құраса, оның алдындағы 7 күнде 35 276 науқас ауруханадан шығарылған еді.

Штаб коронавирустан 840 адамның көз жұмғанын хабарлады, бір апта бұрынғы көрсеткіш – 758. 27 шілде мен 2 тамыз аралығында 859 өлім жағдайы тіркелген.

Жаңа инфекциядан болған өлімнің шартты көрсеткіші өзгерген жоқ. Штаб мәліметі бойынша 1,75%-дан 1,76%-ға ғана артқан.


Соңғы жаңалықтар