Ресейде базар жанып жатыр: Өрт аумағы 3 мың шаршы метрден асты

None
None
РОСТОВТАҒЫ-ДОН. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Ростовтағы Дон қаласында «Классик» базары өртеніп жатыр. Пиратехника сататын павильоннан шыққан өрттің шарпыған аумағы 3 мың шаршы метрден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні таңертең «Классик» базарында пиратехника сататын павильоннан өрт шыққан. Басында өрттің таралу аумағы 200 шаршы метрді құрады. Нұр-Сұлтан уақытымен түскі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, жалын шарпыған аумақ 3 мың шаршы метрді құрады.

Өрттен фейерверктер атыла бастаған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, базардағы өрттің себебі – жылыну үшін қолданылған пештің ақауы», - деп мәлім еткен агенттікке дереккөз.

Базар әлі де ашық жалынмен жанып жатыр. Ғимират ішінде павильондар опырылып қираған.

Өңір прокуратурасы базарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты тексеріс бастады.

«Ростов облысының прокуратурасы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты тексерісті бастады. Өртті сөндіру жұмыстарына қадағалау жүргізілуде. Тексерістер кейін құзырлы органдардың іс-әрекетіне баға берілетін болады. Заң бұзылғаны анықталған жағдайда әрекет етудің тиісті шаралары қолданылады», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Тілсіз жаумен күреске 192 адам, 66 техника жұмылдырылған.

Жалынның таралу қаупі әлі де сақталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.



Соңғы жаңалықтар