Ресейде автобус аударылып, 13 жолаушы зардап шекті

Фото: None
НИЖЕГОРОД ОБЛЫСЫ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Нижегород облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды. Көлікте 35 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап

«Таңғы сағат 06:10-да Төменгі Новгород-Иваново жолының 333-ші шақырымында автобус жүргізушісі көктайғақты ескермей, жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Автобус Иваново қаласына тапсырыс бойынша бара жатқан. Оның ішінде 34 жолаушы мен жүргізуші болған», - деді облыстың жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының баспасөз қызметі.

13 жолаушы жеңіл және орта деңгейдегі жарақат алған, қалғандары аман.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан 12 адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Нижегород облысы губернаторының орынбасары – денсаулық сақтау министрі Давид Мелик Гусейновбір адамның автобус салонында қысылып қалғанын мәлімдеді.

«Бір адам орындықтар арасында қысылып қалған, шығарылғаннан кейін ол Балахнаның орталық аудандық ауруханасына жатқызылады», - деді Мелик Гусейнов.


Соңғы жаңалықтар