Ресейде адам ұрлағаны үшін іздеуде болған қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері ТМД құқық қорғаушыларымен бірлесіп, 16-17 қыркүйек аралығында «Іздеу» кең көлемді шарасын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары екі күннің ішінде 22 қылмыскерді ұстаған, соның ішінде жетеуі көрші елдер – Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда іздеуде болған.

Із-түссіз жоғалған 9 адамның жүрген жері анықталды.

Ресейдің Орынбор облысында адам ұрлағаны үшін іздеуде болған 33 жастағы қазақстандық азамат Нұр-Сұлтаннан ұсталған.

Ұсталған кезде ер адам жасалған қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан.

Алайда Ресейдегі әріптестерімен байланысқа шыққан қазақстандық тәртіп сақшылары олардан айғақ құжаттар алып, ер адамды қамауға алды.


Соңғы жаңалықтар