+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ресей өзге елдермен темір жол қатынасын тоқтатты

2020 жылғы 6 сәуір 09:51
Бөлісіңіз:
Ресей өзге елдермен темір жол қатынасын тоқтатты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясына байланысты Ресей мен өзге елдер арасындағы темір жол қатынасы тоқтатылды. Бұған дейін жексенбі күні РТЖ соңғы халықаралық қатынастағы Беларуське баратын пойызды тоқтатты, бұған дейін компанияға 20-дан астам шетелдік бағытты жабуға тура келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек РФ қалалары мен Калининград арасындағы темір жол қатынасы уақытша жабылды. Оның ішінде Калининград-Мәскеу №30/29 пойыздары, Калининград - Санкт-Петербург №80/79 пойыздары да бар.

Бұған дейін Беларусь темір жолы Минск - Мәскеу №2/1 пойызының, сондай-ақ №52/51 Брест/Минск - Санкт-Петербург пойыздарының қатынауы уақытша тоқтағанын хабарлаған болатын.

Жаңа коронавирус тарала бастағаннан бері РТЖ 21 елмен пойыз қатынасын тоқтатты.

РТЖ сайтында тоқтатылған бағыттар туралы ақпарат беретін бөлім құрылған. Сұраныстың төмендеуіне байланысты РФ ішінде бірқатар пойыздардың жүру жиілігі қысқартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Ресей, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT