Ресей өзге елдермен әуе қатынасын тоқтатты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей 27 наурыздан бастап коронавирус кең тараған елдерден тұрақты және чартерлік халықаралық әуе қатынасын тоқтатады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған хабарлайды.

РФ үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай шешім ел үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі президиумы отырысында қабылданған.

Алайда бұл шектеу коронавирус тараған елдерден ресейліктерді жеткізу жұмыстарына қатысы болмайды.

«2020 жылдың 27 наурызы, сағат 00:00-ден бастап Росавиация Ресей әуежайларынан шетел әуежайларына және олардан кері тұрақты және чартерлік ұшуларды жүзеге асыруды тоқтатады. Бұған коронавирус індетінің таралуына байланысты шет мемлекеттерден ресейліктерді Ресей Федерациясына шығарумен байланысты рейстер енбейді», - делінген отырыс қорытындысы бойынша жүктелген тапсырмада.



Соңғы жаңалықтар