+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Ресей мен Қырғызстанға пойыз билетін алу тәртібіне уақытша өзгеріс енгізілді

2020 жылғы 14 наурыз 17:33
Бөлісіңіз:
Ресей мен Қырғызстанға пойыз билетін алу тәртібіне уақытша өзгеріс енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» компаниясы пойыз билетіне деген сұраныстың артуына байланысты сайттың кей кезде істемей қалуына түсіністікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания Ресей мен Қырғыз Республикасына бару үшін билет алу тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Атап айтқанда, аталған екі елдің шекарасын кесіп өтуге енгізілген уақытша шектеуге сәйкес бүгіннен бастап пойыз билетін тек жеке төлқұжат немесе шетелдік төлқұжат бар кезде ғана ресімдеуге болады. Аталған елдерге бару үшін билет сатып аларда жеке куәлікті пайдалану тәртібі уақытша шектеледі.

«Осы жылдың 12-13 наурызында билеттерді қайтару және сатып алу бойынша азаматтар жиі кіргендіктен, «ҚТЖ» АҚ-тың BILET.RAILWAYS.KZ сайты баяу қызмет көрсетті. 13 наурыз күні сағат түнгі 23.45 кезінде сайттың жұмысқа қабілеттігі қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың барлық билет кассасы штаттық режімде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлайды компаниядан.

«Жолаушылар тасымалы» билет сатып алатын сайт істемей тұрса түсіністікпен қарауға шақырады. Себебі кей кездері билетке сұраныс артып кететін көрінеді.

«Билетті қолма-қол ақшамен де, аударыммен де қайтаруға болады. Нақтырақ айтқанда пойыз жүрмей тұрып 24 сағат бұрын билет тапсырылған жағдайда толық сома қайтарылады», - деп хабарлайды компаниядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚТЖ, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT