Ресей мектебінде жасөспірім оқушыларға оқ жаудырған

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жасөспірім мектепке тапанша алып келіп, оқушыларға атқан, ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Орджоникидзе көшесінде орналасқан мектепке оқушылардың бірі пневматикалық пистолет алып келген. Аталған мекенжай бойынша барған полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған әйел түсіндіргендей, 2005 жылы туған оқушы киініп-шешіну бөлмесінде оқушыларға қарсы бірнеше рет оқ атқан», - делінген Ішкі істер министрлігінің мәліметінде.

Ведомство ақпаратына сәйкес, оқиға сенбі күні болған. Зардап шеккендер жоқ. Жасөспірімнің қолынан пистолетті мұғалімдер ала алған. Баланың өзі қашып кеткен. Кейін полиция бөлімшесіне оны анасы алып келген. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.


Соңғы жаңалықтар