Ресей Думасының спикері: Қазақстанның Тұңғыш Президенті - бүкіл өмірін өз халқына қызмет етуге арнаған тұлға

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамыту, еуразиялық кеңістікте көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету үшін қажет. Бұл туралы пікірді Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының cпикері Вячеслав Володин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володин Нұрсұлтан Назарбаевтың парламентаризмді дамытуда да, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуда да, еуразиялық кеңістікте халықаралық ынтымақтастық шеңберінде интеграциялық процестерді арттырудағы маңызды рөлін атады. Ол мұндай пікірді Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты Мәжіліс ұйымдастырған халықаралық конференцияда айтты.

Вячеслав Володинның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл өмірін өз еліне және халқына қызмет етуге арнаған тұлға. Тұңғыш Президенттің үлкен еңбегі-осы жылдар ішінде мемлекет нық дамып, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық салаларда табыстарға жетуде.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси даналығы, бай өмірлік және басқарушылық тәжірибесі Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамыту ісінде, халықтарымыз арасындағы достықты нығайтуда, Еуразиялық кеңістікте көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуде ұзақ жылдар бойы сұранысқа ие болады», - деді Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының спикері.


Соңғы жаңалықтар